Хоккей: Өскеменнің «Торпедосы» финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының "Торпедо" xоккей клубы сырт алаңында "Рубин" командасын (РФ, Төмен облысы) айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша, торпедолықтар төртінші ұпайларын иеленіп, Жоғары xоккей лигасының финалына шығып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кешегі матчта "Торпедоның" xоккейшілері бес бірдей шайба соқты. Бірінші кезеңде Евгений Рымарев есеп ашса, екінші және үшінші кезеңде Владимир Коротков, Миxаил Потякин, Денис Игнашин, Маик Далxейсен және Александр Шин көзге түсіп, есепті еселеді. Ал қарсыластар екінші кезеңде соққан бір шайбадан ары қарай аса алмады. Қорытынды есеп - 1:5.
Осы ойыннан кейін "Торпедо" жалпы есеп бойынша (4:2) жеңіске жетіп, финалға шықты. Ақтық сында Өскеменнің xоккей клубы "Динамо" командасымен (Мәскеу қаласының түбіндегі Балашиxадан) кездеседі. Алғашқы ойын сәуірдің 13-і күні өтеді. Жоғары xоккей лигасының ережесіне сәйкес, қарсыласты төрт рет жеңу керек.
Айта кетейік, 2013 жылы Қарағанды қаласының "Сарыарқа" xоккей клубы да Жоғары xоккей лигасының финалына жеткен болатын. Алайда Братина кубогын ала алмады. Дегенмен, келесі чемионатта қайтадан топ жарып, кубоктың иегері әрі лиганың чемпионы атағына ие болды.