Хоккей: Өзбекстанның «Хумо» клубы Қазақстан чемпионатында көш бастады

TАШКЕНТ. KAZINFORM - Ташкенттің «Хумо» хоккей клубы Қазақстан чемпионатында «Ақтөбемен» сырт алаңда екі ойын өткізді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ӨзА-ға сілтеме жасап. 

хоккей
Фото: ӨзА

Өзбекстандық хоккейшілер алғашқы кездесуде қарсыластарынан 3:1 есебімен басым түсті. Кездесуде өзбекстандықтардан Радель Фазлеев, Вадим Кравченко және Эдгарс Сиксна қарсылас қақпасына 3 шайба соқты. 

22 қаңтарда өткен екінші ойында «Хумо» командасының мүшелері «Ақтөбені» 2:0 есебімен жеңді. 

Осы жеңістен соң «Хумо» командасы ұпай санын 51-ге жеткізіп, турнир кестесінде көш бастады. «Торпедо Усть-Каменогорск» 50 ұпаймен екінші орында, «Сарыарқа» 48 ұпаймен үшінші орында келеді. 

Еске сала кетейік, қысқы Универсиадада хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 5-орын алды. 

Соңғы жаңалықтар