ХОККЕЙ: Ресей құрама командасы бесінші мәрте әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскіде өткен шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Ресей құрамасы шешуші ойында Финляндия командасын 5:2 есебімен тізе бүктіріп, бесінші мәрте әлем чемпионы атанды.

ХОККЕЙ: Ресей құрама командасы бесінші мәрте әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Бұл туралы rosbalt.ru жазады.

Ресейліктер есепті бірінші болып ашты, алғашқы шайбаны қарсылас қақпасына дарытқан - Сергей Широков. Алайда, бірінші кезең тең нәтижемен аяқталды. Кезеңнің аяқталуына небары 3 секунд қалғанда финдіктер есепті теңестіріп үлгерді.

Ресей құрама командасы сапынан суырылып көзге түскен мына ойыншылар: Александр Овечкин, Евгений Малкин, Денис Зарипов және Виктор Тихонов.

Айта кетейік, турнир барысында Ресей құрамасы бір рет те жеңілмей, қатарынан 10 ойында жеңіске жетті. Олар осыдан екі жыл бұрын осы біріншіліктің жеңімпаздары атанған болатын.