ХОККЕЙ: «Сарыарқа» 2014 жылдың соңғы ойынында воронеждің «Буранын» тізе бүктірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасы ойыны аясында воронеждің «Буранын» айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Воронежде өткен матчтың бірінші кезеңінде «Сарыарқа» құрамындағы Евгений Белухин алғашқы шайбаны салды. Екінші жиырма минуттықтың орта кезінде Павел Плотников есепті теңестіргенімен үзіліске санаулы минуттар қалғанда Олег Ломако қарағандылықтарды қайта алға шығарды. Соңғы кезеңнің басында Евгений Рымарев пен Роберт Макмиллан есепті 4:1-ге жеткізді.