Хоккей: «Сарыарқа» чемпионға жол беріп қойды

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше Жоғары хоккей лигасының жаңа маусымы өткен чемпионаттың финалына шыққан командалар - «Сарыарқа» мен «Торос» арасындағы ойынмен салтанатты түрде ашылды.

Хоккей: «Сарыарқа» чемпионға жол беріп қойды
Нижнекамск қаласында өткен матчта «Сарырқаның» хоккейшілері ойынның соңғы минуттарына дейін бір шайбамен алда болды. Бірінші кезеңде олар қарсыластардың қақпасына екі бірдей шайбаны салып кетті. Алайда екінші кезеңде «Торос» таразы басын теңестіре білді. Үшінші кезеңде «Сарыарқа» тағы бір шайбамен алға шықты. Бірақ ойынның аяқталуына үш минут қалған кезде қарсыластар таразы басын тағы да теңестіріп кетті. Қосымша уақытта да ойынның нәтижесі анықталмады. Ал буллит соққылары кезінде «Сарыарқаның» хоккейшілері «Торосқа» жол беріп қойды. Қорытынды есеп - 3:4 (Б). Осылайша, «Торос» командасы жалпы кестеде екі ұпаймен көш бастаса, қарағандылық «Сарыарқа» бір ұпаймен екінші орында келеді.