Хоккей: «Сарыарқа» пензалық «Дизель» командасын тізе бүктірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғарғы хоккей лигасы чемпионатының аясында «Сарыарқа» пензалық «Дизель» командасын қабылдады, деп жазады sports.kz .
None
None

Айдын иелері екінші кезеңнің басында екі рет қарсыластарының аз құрамда ойнап жатқанын ұтымды пайдаланып, есепті еселеді.

Ал екінші кезең аяқталар тұста «Дизель» аз құрамда ойнаса да шабуылды сәтті ұйымдастыра білді. Александр Тарасов пен Станислав Лопачук ұпайды теңестірді.

Үшінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Тек овертаймда «Сарыарқаның» жолы болды. Қарсыластың қақпасына белгіленген буллит ойынның тағдырын шешті. Айып соққысын Олег Ломако жасады. Жалпы есеп көрсеткіші бойынша (0:0, 1:1, 0:0, 1:0) «Сарыарқа»  жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар