Хоккей: «Сарыарқаның» бүгінгі қарсыласы - «Рубин»

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында «Рубин» (Ресей, Тюмень) командасымен кездеседі.

Хоккей: «Сарыарқаның» бүгінгі қарсыласы - «Рубин»

Айта кетейік, Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде «Рубин» бесінші орында келеді. 24 матчтан кейін оның еншісінде 46 ұпай бар. «Сарыарқа» да осы уақытқа дейін 24 ойын өткізген. Бірақ Қарағанды қаласының хоккей клубы 42 ұпай жинаған. Жалпытурнирлік кестеде команда тоғызыншы орында тұр.