09:01, 22 Қазан 2013 | GMT +5
Хоккей: «Сарыарқаның» бүгінгі қарсыласы - «ВМФ Карелия»
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «ВМФ Карелия» (Карелия республикасы, Кандопога) командасымен кездеседі.

Айта кеткен жөн, «ВМФ Карелия» хоккей клубы бүгінде аутсайдерлердің тізіміне кіреді. Себебі аталған команда жалпы турнирлік кестеде ең соңғы 26-шы орында тұр. Оның еншісінде 12 ұпай бар. Бас кезінде «Сарыарқа» да сәтсіз өнер көрсетіп, турнирдің төменгі сатысына түскен болатын. Алайда соңғы матчтарда Қарағанды қаласының хоккей клубы жеңіске жетіп, 17 ұпаймен жалпы турнирлік кестенің 19-орынға көтерілді. Команда осы ойында ұтса, тағы екі сатыға жоғарылайды.