Хоккей: «Сарыарқаның» келесі қарсыласы - «Рязань»
АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында ресейлік «Рязань» командасын қабылдайды.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін «Сарыарқаның» хоккейшілері жеті ойын өткізіп, соның тек біреуінде ғана жеңіске жеткен. Қазір қарағандылық клуб үш-ақ ұпаймен лиганың жалпы турнирлік кестесінде ең соңғы 26-орында келеді. Ал оның ертеңгі қарсыласы - «Рязань» хоккей клубында бұған дейін сегіз ойын өткізіп, үш рет жеңіске жетті. Қазір команданың еншісінде 10 ұпай бар. Ол 26 құраманың ішінде 14-орында тұр.