Хоккей: Сәтбаев қаласында балалар мен жасөспірімдердің «Жұлдызша» атты 6-шы республикалық турнирі басталды
АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Сәтбаев қаласының «Арена-2005» мұз айдыны сарайында хоккей бойынша балалар мен жасөспірімдердің «Жұлдызша» атты 6-шы республикалық турнирінің ашылу салтанаты болып өтті.
Қазақмыс компаниясы әлеуметтік бағдарламалары аясында турнирді ұйымдастыруға қолдау жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш кәсіпорынға сілтеме жасап. «Қазақмыс» хоккей клубы Қарағанды, Астана, Павлодар, Өскемен, Петропавл және Алматы қалаларынан келген 7-15 жас аралығындағылар тобындағы 480 хоккейшіні қарсы алды. Әрқайсысында алты командадан құралған 4 топтың арасындағы бәсеке бес күнге созылады. Жарыс нәтижелері сәуірдің 8-і күні жарияланбақ. Турнирдің жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады, ал жарыстарға қатысқан барлық жас хоккейшілер жүлделерге ие болады. Спорттық шараға компания шамамен 10 млн. теңге бөліп отыр. «Жастар хоккейі бойынша турнир кеншілер қаласы ? Сәтбаевта бірінші рет өткізілуде. Хоккейдің өсіп келе жатқан жас ұрпаққа тартымды спорт түрі екендігі және оның дамуы жалғасын тауып отырғандығы қуантады. Турнирге қатысушы барлық жастарға сәттілік пен жеңіс тілеймін», - дейді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай.