ХОККЕЙ: Стэнли кубогының иегері анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық хоккей лигасында өнер көрсететін «Лос-Анджелес Кингз» өз тарихында екінші рет Стэнли кубогын жеңіп алды.
Финалдық кезеңнің бесінші матчында «Лос Анджелес» «Нью-Йорк Рейнджерсті» овертаймда 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Жеңімпаздар сапында Джастин Уильямс (7-ші минут), Мариан Габорик (48) және Алек Мартинес (95), қонақтар құрамынан Крис Крайдер (36) мен Брайан Бойл (40) мергендік танытты.
Төрт жеңіске дейінгі серияда 4-1 есебімен «Кингз» клубының мерейі үстем болды.
«Лос-Анджелес Кингз» командасының 32 жастағы канадалық шабуылшысы Джастин Уильямс Стэнли кубогының ең бағалы ойыншысы деп танылды.