Хоккей: Талғат Жайлауов «Торпедоны» ширек финалға шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жоғары xоккей лигасында плей-оффтың кезекті матчтары өтті. Өскемен қаласының "Торпедо" xоккей клубы өз алаңында "Ижстальды" жеңсе, қарағандылық "Сарыарқа" командасы "Звезданы" ойсырата ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өскемен қаласында өткен ойында "Торпедоның" xоккейшілері есепті бірінші болып ашты. Екінші кезеңде қарсыластар таразы басын теңестіріп кетті. Дегенмен, көп ұзамай, өскемендік клуб тағы бір шайба соғып, алға шықты.
Ал үшінші кезеңде Талғат Жайлауов ("Барыстың" бұрынғы ойыншысы - авт.) буллитті шебер орындай білді. Сөйтіп, есепті 3:1-ге дейін жеткізді. Матчтың соңында "Ижсталь" есепті бір шайбаға қысқартса да, одан ары аса алмады.
Қарағанды қаласының "Сарыарқа" xоккей клубы болса өз алаңында "Звезда" командасын 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Осы ойындардан кейін екі қазақстандық команда да жалпы есеп бойынша төрт мәрте жеңіске жетіп, бір-ақ рет (екеуі де жалпы есеп бойынша 4:1-мен ұтып отыр - авт.) жеңіліп, ширек финалға шықты.
Айта кетейік, ширек финалда "Торпедо" командасы "Рубинмен" кездессе, "Сарыарқаның" xоккейшілері "Торос"-"Динамо" арасындағы ойындардың жеңімпазын қабылдайды.