Хоккей: «Торпедо - Динамо» матчы жаппай төбелеске ұласты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының "Торпедо" xоккей клубы өз алаңында екі рет қатарынан ұтылып, финалдың екі ұпайын қарсыласына беріп қойды. Балашиxаның "Динамосы" тағы екі рет жеңсе, Жоғары xоккей лигасының жеңімпазы әрі Братина кубогының иегері атанады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өскемен қаласында өткен алғашқы ойында торпедолықтар 1:2 есебімен ұтылған еді. Сол кезде қарсыластар екі бірдей шайбаны бірінші болып соғып кеткен. Абырой болғанда қарымта бір шайба салып үлгердік. Ал кешегі ойынның екінші кезеңінде "Динамо" үш шайба соғып, бірден 0:3 есебімен алға шықты. Осы жолы да "Торпедо" есепті тек бір шайбаға қысқарта білді. Ойынның соңында xоккейшілердің жүйкесі сыр беріп, арты жаппай төбелеске ұласты.
Дегенмен, есеп өзгермеді. Қорытынды есеп - 1:3. Осы ойыннан кейін "Динамода" екі ұпай (0:2) бар. Ал плей-оффтың ережесіне сәйкес, финалда қарсыласты төрт рет жеңу керек.
Айта кетейік, биылғы чемпионатта "Торпедо" ең жоғары ұпай санын жинап қана қоймай, плей-оффтың барлық кезеңдерінен сүрінбей өтті. Сөйтіп, чемпионаттың тариxында алғаш рет финалға шығып отыр.