Хоккейден ӘЧ-2016: «Kazsport» Қазақстан ұлттық құрамасының матчтарын көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» РТРК» АҚ хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасының матчтарын көрсетуді жоспарлап отыр.

Хоккейден ӘЧ-2016: «Kazsport» Қазақстан ұлттық құрамасының матчтарын көрсетеді

«Қазақстан» РТРК» АҚ 2016 жылы біздің құраманың қатысуымен өтетін матчтар көрсетілімінің ТВ құқықтарын иелену бойынша жүргізілген келіссөздер бірқатар қиындықтарға тап болды. Қазіргі уақытта Қазақстанның хоккей федерациясы тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдау есебінен келіссөздер аяқталуға жақын. «Kazsport» телеарнасы Қазақстанның Ұлттық құрамасының барлық ойындарын көрсетеді деп жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі матчтар кестесі (матчтардың басталу уақыты Астана қаласы бойынша):

7 мамыр (сенбі), 15:15 - Швейцария - Қазақстан

8 мамыр (жексенбі), 15:15 - Қазақстан - Ресей

10 мамыр (сейсенбі), 23:15 - Қазақстан - Норвегия

11 мамыр (сәрсенбі), 23:15 - Швеция - Қазақстан

13 мамыр (жұма), 19:15 - Чехия - Қазақстан

14 мамыр (сенбі), 23:15 - Қазақстан - Латвия

16 мамыр (дүйсенбі), 23:15 - Дания - Қазақстан