Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы Нидерландыға есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IB дивизионындағы екінші ойынын Нидерландыға қарсы өткізді.
Екі команда қазірге дейін төрт мәрте кездесті. Оның 3-уі Нидерландының басымдығымен аяқталса, 1-де Қазақстан жеңіске жетті.
Бүгінгі ойында нидерландтық хоккейшілер әрбір кезеңде бір-бір шайбадан соғып кетті. Нәтижесінде отандастарымыз қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберді.
Нидерланд - Қазақстан 3:0 (1:0, 1;0, 1:0)
1:0 - 13:27 - Де Йонг (Коллард, Дийкема)
2:0 - 25:44 - Милдерс (Звартхед)
3:0 - 48:31 - Хамерс (Звартхед, Дийкема) ГБ
Қақпашылар: Габриэль - Щеколова
Алғашқы турда Нидерланд құрамасы Испанияны 6:0 есебімен тізе бүктірсе, Қазақстан буллиттен Латвияға 2:3 есебімен есе жіберді.
Отандастарымыз 12-18 сәуір аралығында Испанияда Латвия, Нидерланд, Испания, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиямен шеберлік байқасады.
Енді қазақстандық хоккейшілер 15 сәуірде Испания, 17 сәуірде Оңтүстік Корея, 18 сәуірде Ұлыбритания құрамаларымен ойнайды.