Хоккейден ӘЧ: Қазақстан U18 құрамасы бүгін Словениямен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы IA дивизиондағы бесінші ойынын Словенияға қарсы өткізеді.
Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 15:30-ға белгіленген.
Отандастарымыз элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы Швейцария, Мажарстан, Украина, Польша, Словения құрамаларымен сарапқа салып жатыр.
Қазірге дейін құрамалар үш мәрте кездескен еді. Екеуінде жеңіске жетсе, біреуінде қарсыласына есе жіберді.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Мажарстан құрамасынан 5:2, Польшадан 10:2, Украинадан 5:3 есебімен басым түссе, Швейцарияға 2:3 есебімен есе жіберді.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы
Қақпашылар: Кирилл Мыльников, Арсений Кучковский (екеуі — «Барыс»), Рахымбек Рахымжан («Jersey Hitmen U18», AAA);
Қорғаушылар: Спартак Чукреев («Atlantic Coast Academy U18»), Артём Гасников (МХК «Торпедо», Өскемен), Святослав Евплов (ХК «Спартак-МАХ», МХЛ, Ресей), Кирилл Задорожный, Дэнир Утеев («Барыс» U18, Астана), Матвей Решетько, Расул Тұрсынов (екеуі — «Снежные Барсы», МХЛ), Кирилл Серебряков («Team Illinois U18», AAA)
Шабуылшылар: Владислав Ануфриев (МХК «Торпедо», Өскемен), Ануар Ахметжанов, Ерлан Ахмутинов, Нар-Улан Байкен («Atlantic Coast Academy U18»), Никита Гридасов («Boston Hockey Academy U18», AAA), Таир Бигаринов («Барыс», Астана), Илья Громов, Егор Ким («Omaha Lancers», USHL), Рауан Қайыржан («Барыс» U18, Астана), Михаил Коленко (ХК «Ладья», Тольятти, МХЛ), Егор Кравченко, Жахангер Тілеухан (ХК «Снежные Барсы», МХЛ, Астана)
Турнир 18-24 сәуір күндері Польшаның Крыница қаласында өтеді.