Хоккейден ӘЧ: Қазақстанның кеңейтілген құрамы белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 мамыр – 6 маусым аралығында Ригада өтетін хоккейден әлем чемпионатына баратын Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған ойыншылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккейден ӘЧ: Қазақстанның кеңейтілген құрамы белгілі болды

Қазақстан хоккей федерациясы мәлім еткеніндей, кеңейтілген құрамға 35 ойыншы енгізілді.

Осылардың ішінен негізгі құрамға 28 хоккейші (25 ойыншы, 3 қақпашы) алынады.

Қақпашылар: Хенрик Карлссон («Барыс»), Никита Бояркин («Сарыарқа»), Демид Еремеев («Теміртау»), Андрей Шутов («Торпедо»);

Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Самат Данияр, Даррен Диц, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Егор Шалапов, Виктор Сведберг (бәрі де - «Барыс»), Әділ Бекетаев («Торпедо»), Кирилл Полохов («Тамбов»), Дмитрий Степанов («Ақтобе»);

Шабуылшылар: Павел Акользин, Әлихан Асетов, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков, Роман Старченко, Кертис Волк (бәрі де - «Барыс»), Саян Данияр («Номад»), Дмитрий Гренц, Кирилл Савицкий, Александр Шин, Артем Лихотников (все - «Торпедо»), Александр Борисевич, Владислав Никулин («Сарыарка»), Евгений Рымарев («Югра»), Найджел Доус («Ак Барс»).

Ұлттық құраманы Юрий Михайлис бастаған мамандар жаттықтырады.

Қазақстан құрамасы елордалық «Барыс Аренада» өтетін оқу-жаттығу жиынына 29 сәуір күні бас қосады. 13 және 15 мамыр күні Ригада қазақстандықтар Беларусь құрамасымен екі бақылау матчын өткізеді.