Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Хоккейден ӘЧ: Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Германиядан жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ригада өтіп жатқан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының матчында «А» тобында өнер көрсеткен Қазақстан командасы Германияға есе жіберді. Бұл туралы «SPORTINFORM» САА хабарлайды.

Хоккейден ӘЧ:  Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Германиядан жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасы қарсыластарынан 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

Қазақстан U18 - Германия U18 0:1 (0:1, 0:0, 0:0)
0:1 - Валенти - 16:34 (Шитц, Шинко)
Вратари: Прокофьев - Мних
Броски: 15-33 (4-15, 4-11, 7-7)
Айып: 4-10

Енді қазақстандық спортшылар 5 сәуірде Дания құрамына қарсы ойнайды.

Еске салсақ, кеше әлем чемпионатының бірінші матчында «А» тобында өнер көрсеткен Қазақстан командасы Норвегия құрамасын жеңген болатын.