Хоккейден ӘЧ: Юрмалада жанкүйерлер Қазақстан туын жайды

ЮРМАЛА. ҚазАқпарат – Латвияда жанкүйерлер хоккейден Қазақстан құрамасын қолдау үшін тағы да акция ұйымдастырды. Бұл жолы Қазақстанның үлкен туы Юрмаладағы Балтық теңізінің жағалауында жайылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметіне сілтемемен.
None
Фото: icehockey.kz

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астана уақытымен сағат 23:20-да біздің ұлттық команда әлем чемпионатының үшінші матчында Швейцария командасымен ойнайды.

Матчты Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.

Айта кетсек, қазақстандық жанкүйерлер ел құрамасына қолдау көрсету мақсатында Ригада өтіп жатқан хоккейден ӘЧ-2023-те үлкен туды жайған болатын.


Соңғы жаңалықтар