Хоккейден әлем чемпионатына баратын Қазақстанның қыздар құрамасы анықталды

Нидерландтың Херенвенінде ІІА дивизионындағы хоккейден жасөспірім қыздар арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп қабарлайды Kazinform.

хоккей
Фото: olympic.kz

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, аталған әлемдік бәсеке 15-21 қаңтар аралығында өтеді.

Турнир аясында Қазақстан құрамасы Ұлыбритания, Түркия, Қытай, Латвия және Нидерланд командаларымен ойнайды.

Бапкерлер штабы алдағы турнирге қатысатын құрамды ұсынды. Өтінімге 20 ойыншы – 18 алаң ойыншысы мен 2 қақпашы енген.

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо», Өскемен), Арина Павловская («Ақтөбе-2009»/«Жұлдыз», Алматы)

Қорғаушылар: Эвелина Емцева, Вероника Халикова (екеуі де – «Жұлдыз», Алматы), Медина Кишекеева («Ақтөбе-2008»/«Жұлдыз»), Ульяна Куклина, Нұрайым Серікқызы, Дарья Хохлова, Полина Яковлева (барлығы – «Торпедо»).

Шабуылшылар: Малика Жунусова, София Зубкова, Кира Крухольская, Ветта Пивень, Златоцвета Феоктистова (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Регина Какаулина, София Раковская, Шолпан Тоққожа, Анастасия Филимонова (барлығы – «Жұлдыз», Алматы), Анна Климова, Рената Лившиц (екеуі де – «Юность-Грация, Қарағанды).

Бас бапкер – Мария Федоренко.

Соңғы жаңалықтар