Хоккейден әлем чемпионаты 2018 жылы Астанада өтуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Алдағы жылы әлем чемпионатында «А» тобының бірінші дивизионында Словения, Италия, Қазақстан,  Польша, Венгрия және Ұлыбритания құрамалары  ТОП-дивизионына екі жолдама үшін күресетін болады, деп жазады  Shaiba.kz.

Хоккейден әлем чемпионаты 2018 жылы Астанада өтуі мүмкін

Жоғары дивизионнан Словения мен Италия шығып қалып, «В» тобы бірінші дивизионынан Ұлыбритания көтерілген еді. 

Әлем чемпионатының өткізілетін орны мен мерзімі кейінірек белгілі болады. Турнирдің Астанада өтуі де ғажап емес.