Хоккейден әлем чемпионаты алдында Кореямен ойнайтын Қазақстан құрамасы анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Хоккейден әлем чемпионаты қарсаңында Кореямен матчтарға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан хоккей федерациясынан алынған мәліметке қарағанда, ел құрамасы 22 және 24 сәуірде Кореямен жолдастық кездесулер өткізеді.

Бапкерлер штабы мына ойыншыларға сенім артты:

Қақпашылар: Желал-Ад-Дин Әмірбеков, Никита Бояркин, Андрей Шутов (бәрі де – «Барыс»), Максим Павленко («Номад»).

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров, Эмиль Нұрғалиев (бәрі де – «Барыс»), Данил Бутенко, Мәди Диханбек, Артем Королев, Абылайхан Сүлейменов (бәрі де – «Номад»), Кирилл Полохов («Арлан»), Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск)

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Александр Борисевич, Дмитрий Гурков, Дінмұхамед Қайыржан, Никита Михайлис, Батырлан Мұратов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков (бәрі де – «Барыс»), Станислав Александров, Олег Бойко, Абай Маңғысбаев, Максим Мұхаметов, Әлихан Өмірбеков (бәрі де – «Номад»), Саян Данияр («Сарыарқа»), Дмитрий Гренц («Арлан»), Хақназар Кеңесбай («Алматы»), Роман Старченко («Спартак», Мәскеу), Евгений Рымарев («АКМ», БХЛ).

Бас бапкер: Ғалым Мәмбетәлиев.

Бапкерлер: Александр Высоцкий, Александр Березенский, Ерлан Сағымбаев.

Қақпашылар бапкері: Александр Шимин.

Хоккейден әлем біріншілігі 12-18 мамыр аралығында Рига мен Тампереде өтеді. Қазақстан құрамасы Латвия астанасында ойнайды. Топтық бәсекедегі қарсыластары – Норвегия, Чехия, Швейцария, Канада, Словакия, Латвия және Словения.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ғалым Мәмбетәлиевтің хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері болғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
telegram