Хоккейден әлем чемпионаты: Канада мен Швеция финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат -Хоккейден әлем чемпионатының  скандинавиялық  екі ел арасында өткен жартылай финалдық ойынында  Швеция жеңіске жетті. Финляндия 1:4 есебімен (1:1, 2:0, 1:0) жол берді.

 Хоккейден әлем чемпионаты: Канада мен Швеция финалға шықты

Ақтық ойында шведтіктер 4:2 есебімен ресейліктерден басым түскен Канада командасымен ойнайды.

Финалдық кездесу бүгін, 21 мамырда өтеді.