Хоккейден әлем чемпионатында Антропов Қазақстан құрамасының капитаны болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы «Барыстың» шабуылдаушысы Николай Антроповты әлем чемпионатындағы құрама капитаны деп тағайындады.

Хоккейден әлем чемпионатында Антропов Қазақстан құрамасының капитаны болады

Ал «Барыс» капитаны Дмитрий Уппер мен Астана клубының қорғаушысы Алексей Литвиенко ассистенттері болды.

Атап өтер болсақ, Италияға қарсы екі жолдастық кездесуде Уппер мен Антропов мұз айдынына капитан ретінде кезектесіп шыққан еді. Содан кейін басшылық өз таңдауын жасады.

Қазір Қазақстан құрамасы Францияда, олар бүгін түнде жергілікті командамен жолдастық кездесу өткізеді. Басталуы астана уақыты бойынша 00.15-те.

Еске сала кетейік, хоккейден әлем чемпионаты Минскіде 9-25 мамыр аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы «В» тобында Финляндия, Ресей, АҚШ, Швейцария, Германия, Латвия және Белоруссия командаларымен ойнайды, деп хабарлады Vesti.kz.