Хоккейден Әлем чемпионатында ойнайтын Қазақстан құрамасы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада бірінші дивизион арасында өтетін Әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын хоккейшілер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Хоккейден Әлем чемпионатында ойнайтын Қазақстан құрамасы анықталды

«Барыс» хоккей клубынан түскен мәліметке қарағанда, түпкілікті тізімге барлығы 23 хоккейші кірді.

Олардың үшеуі - қақпашы, жетеуі - қорғаушы, 13 - шабуылшы.

Андрей Скабелка жаттықтыратын құраманың басым көпшілігі, яғни 16 ойыншы «Барыстан» алынды.

Сонымен, ел құрамасы мынадай:

Қақпашылар: Хенрик Карлссон, Сергей Кудрявцев (екеуі де - «Барыс»), Артём Микушин («Бейбарыс»).

Қорғаушылар: Леонид Метальников («Сарыарқа»), Алексей Маклюков, Даррен Диц, Валерий Орехов, Егор Шалапов, Максим Семёнов, Никита Клещенко (бәрі де - «Барыс»).

Шабуылшылар: Мартен Сен-Пьер («Куньлунь»), Антон Некряч («Бейбарыс»), Талғат Жайлауов, Аркадий Шестаков, Евгений Рымарев (бәрі де - «Торпедо»), Никита Михайлис, Брэндон Боченски, Дастин Бойд, Дмитрий Шевченко, Антон Сагадеев, Павел Акользин, Егор Петухов, Әлихан Әсетов (бәрі де - «Барыс»).

«Барыс Аренада» өтетін Қазақстан ойындарының әлем чемпионатындағы кестесі:

29 сәуір, 20.00.Словения - Қазақстан,

1 мамыр, 16.30. Қазақстан - Литва,

2 мамыр, 19.30. Оңтүстік Корея - Қазақстан,

4 мамыр, 17.30. Қазақстан - Беларусь,

5 мамыр, 19.30. Қазақстан - Венгрия.

Осылардың ішінде екі үздік команда элиталық біріншілікке жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әлем чемпионатының матчтарын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирден көрсететінін жазған болатынбыз.