Хоккейден фин командасының жаттықтырушысы жеңіп алған Кубогын сүзе құлады
АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Әлем чемпионаты өткен Братиславтан отанына оралған финдердің хоккей командасы жанкүйерлерінің есінде ұзақ уақыт сақталып қалатындай.
Ұшақтан тәлтіректеп түскен бойда қақпашылардың жаттықтырушысы чемпионатта жеңіп алынған Кубокқа ұмтылды, деп хабарлайды РЕН.ТВ.
Паси Нурминен ащы суға лайнердің ішінде-ақ тойып алған болса керек. Қасындағы жолдасының көмегімен сатымен түсіп келе жатып, ол Кубокта ала алмай жүрген өші бардай, оны басымен бір соққан. Нурминеннің өзі мұны білуі екі талай. Алайда, бұл туралы бейнематериалдар қазірдің өзінде интернетке салынып үлгерді. Кубокты сүзген фин жаттықтырушысының басына не болғаны белгісіз, ал Кубокте айтарлықтай із қалды. Оның майысқан жері көзге көрініп-ақ тұр.