Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Италиядан ұтылып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азиагода өтіп жатқан әлем чемпионатында Италия командасынан 4:1 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, отандастарымыз осыған дейін овертаймда Оңтүстік Кореядан ұтылған болатын. Міне, екінші ойында Италия командасына жол берді.
Хоккейден әлем чемпионаты, Азиаго (Италия), I дивизион, «В» тобы
Қазақстан - Италия 1:4 (0:0, 1:2, 0:2)
1:0 - Алдабергенова (Свиридова) - 27:31
1:1 - Далпра (Салетта) - 31:26
1:2 - Маттиви (Далпра) - 36:40 ГБ
1:3 - Кариньяно (Зандеджиакомо, Мистротофоло) - 41:31
1:4 - Салетта (Далпра, Де Ла Форрест Де Дивонне) - 45:34
Қақпашылар: Дмитриева - Мадзокки