Хоккейден Қазақстан чемпионаты: Қола жүлдегерлер анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Теміртау» мен «Бейбарыс» хоккейден Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Екі команда да жартылай финал сериясының жетінші кездесуінде жеңіліске ұшырады.
Еске сала кетейік, Қазақстанның тұрақты чемпионатының қорытындылары бойынша «Теміртау» бесінші, «Бейбарыс» алтыншы орынды иеленді.
Енді Плей-офф финалында «Номад» және «Арлан» командалары кездеседі.