Хоккейден Қазақстан құрамасы Бірінші канал кубогында өнер көрсетеді
АСТАНА. KAZINFORM — Хоккейден Қазақстан құрамасы 12-15 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Бірінші канал кубогында бақ сынайды.
Аталмыш жарысқа Қазақстан, Ресей-25, Беларусь және ҚХЛ легионерлерінің құрамасы қатысады.
Championat.com сайты турнир кестесін жария етті.
12 желтоқсан (Қазақстан уақытымен):
16.30. Беларусь — Қазақстан;
20.30. Ресей-25 — ҚХЛ легионерлер құрамасы.
13 желтоқсан:
21.00. Хоккейден 3×3 форматындағы турнир.
14 желтоқсан:
16.00. Ресей-25 — Беларусь;
20.30. Қазақстан — ҚХЛ легионерлер құрамасы.
15 желтоқсан:
16.00. «Ресей-25» — Қазақстан;
20.30. Беларусь — ҚХЛ легионерлер құрамасы.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» жеңіп жатып, жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
«Барыс» сырт айдында «Сибирьді» жеңе ала ма?