Хоккейден Қазақстан құрамасы бүгін Азия чемпионатында Қытаймен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші ойынын Қытайға қарсы өткізеді.
Кездесу бүгін, 7 қарашада Қазақстан уақытымен 13:30–да басталады.
Ел құрамасының бас бапкері қызметін «Барыс» командасының өкілі Талғат Жайлауов атқарады. Бапкердің көмекшілері ретінде клуб жүйесінің өкілдері Константин Пушкарев пен Роман Старченко жұмыс істейді.
Сонымен қатар штаб құрамына қақпашылар бапкері Александр Смелянец, дене дайындығы жөніндегі бапкер Игорь Елисеев және видео бапкер Владислав Белан енді.
Қазақстан құрамасының тізімі
Қақпашылар: Антон Осокин, Сергей Кудрявцев (екеуі де — «Торпедо»), Владислав Нурек («Номад»).
Қорғаушылар: Степан Александров, Данил Бутенко, Фёдор Хорошев (барлығы —
«Торпедо»), Артем Королев, Александр Макаров, Кирил Никитин, Руслан Тусупбеков (барлығы — «Номад»), Эдуард Михайлов («Сарыарқа»).
Шабуылшылар: Артур Гатиятов, Дмитрий Гренц, Диас Гусейнов, Саян Данияр, Максим Мухаметов (барлығы — «Торпедо»), Артур Гросс, Абай Мангисбаев, Александр Мигунов, Никита Мерзликин (барлығы — «Номад»), Александр Борисевич («Сарыарқа»), Евгений Рымарев («Алматы»), Оскар Юлбарисов («Горняк»).
Айта кетсек, бұдан бұрын Жапонияны 3:2 есебімен қапы қалдырды. Ал Қытай құрамасы Оңтүстік Кореяға 1:3 есебімен жол берді.
Отандастарымыз бұдан кейін алдағы ойынын 8 қарашада 13:30–да Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.