Хоккейден Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяға ойсырай жеңілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем чемпионаты Бірінші дивизионының екінші матчында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірінші кезеңде Брэндон Боченскидің шайбасына Ан Йин Ху жауап қайтарды, екіншісінде қазақстандық шабуылшы Найджел Доус қана гол соқты. Соңғы жиырма минутта Алекс Плант жеңіске жету мүмкіндігін теңестірді, ал Шин Сан Хун корейліктерді алға шығарды. Кейін Плант пен Ким Кисун ойын қорытындылады. Есеп 5:2, жеңіс - Оңтүстік Кореяда.
25 сәуір күні сағат 16:30-да Қазақстан Польшамен ойнайды.
Қазақстан-Оңтүстік Корея 2:5 (1:1, 1:0, 0:4)
Шайбалар:
1:0 - 08:01 Боченски (Доус). Теңдікте
1:1 - 15:56 Ан Йин Ху (Ким Ки-Сунг). Теңдікте
2:1 - 33:25 Доус (Боченски, Сен-Пьер). Теңдікте
2:2 - 45:48 Плант (Чо Мин Хо, Сфивт). Теңдікте
2:3 - 47:03 Шин Сан Хун (Чо Мин Хо). Теңдікте
2:4 - 49:58 Плант. Теңдікте
2:5 - 51:41 Ким Кисун (Плант, Ким Санвук). Көпшілікте +2
Қақпашылар: Далтон - Колесник
Айыптар: 31:6 (0:0, 4:4, 27:2)