Хоккейден Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен 5 матч өткізеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында оқу-жаттығу жиыны мен Корея құрамасымен жолдастық кездесулер өткізеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Матчтар 2019 жылғы 30 маусым мен 6 шілде аралағында өтеді. Ойындар Қазақстан астанасы уақытымен сағат 12:30-да басталады.
№1ойын - 30 маусым
№2 ойын - 1 шілде
№3 ойын - 3 шілде
№4 ойын - 4 шілде
№5 ойын - 6 шілде
Қазақстан құрамасының сапында «Астана» ХК ойыншылары: Джелал-ад-дин Әмірбеков, Александр Кудрявцев, Әмір Әділжанов, Кирилл Балдин, Данияр Ғабдуллин, Дамир Ахметчин, Мақсат Ибраев, Никита Карпасов, Иван Лобанов, Кирилл Пак, Илья Солодовников, Дидар Түспеков; «Алматы» ХК хоккейшілері: Сергей Банашков, Нұрсұлтан Белгібаев; «Ertis» ХК ойыншылары: Рүстем Айдаш, Артем Игнатенко, Сергей Машинец; Дамир Рыспаев («Номад»); Павел Жилин («Горняк»); Денис Макаров («Бейбарыс») өнер көрсетеді.
Бас бапкер - Андрей Манченко, жаттықтырушы - Алексей Горлов.