Хоккейден Қазақстан құрамасының бас менеджері Шуми Бабаев қызметінен кетті

Бұл туралы ҚХФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Sports.kz хабарлайды.
«Мен құрама команда дұрыс жолда деп санаймын. Біздің Олимпиадаға жолдама ала алмағанфымызға басты айыпты адам - бұл мен. Бұл өте үлкен жеңіліс. Сондықтан, мен қызметімнен кетуге мәжбүрмін және оны қабылдауларыңызды сұраймын», - деді Ш.Бабаев Атқару комитетінің отырысы барысында.
Ұлттық құраманың болашағы туралы айта келіп, Шуми Бабаев клубтар басшыларынан көп қолдауға ие болғанын және әрі қарай да осы бағытта даму керек екенін атап өтті.
«Сіздерден әрі қарай да құрамаға жан-жақты және қомақты көмек көрсетулеріңізді сұраймын. Себебі, сіздер араласпай, сіздер көмектеспей, жетістікке қол жеткізу мүмкін емес. Тек қана сіздердің қолдауларыңызбен ойыншылар тиісінше дамитын болады және бұл жақын бес жылдықта құраманың мүлде басқа деңгейге шығуына жағдай жасайтын біздің жалғыз мүмкіндігіміз», - деп жалғастырды ол.