Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Азиададағы басты бәсекелестерінің бірімен кездесуде

АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - 7-қысқы Азия ойындары аясында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында хоккейден Қазақстанның қыздар командасы жарыстағы басты бәсекелестерінің бірі Жапония құрамасымен ойынын бастады.

Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Азиададағы басты бәсекелестерінің бірімен кездесуде

Айта кетейік, Жапония құрамасы 7-Қысқы Азия ойындарының жеңімпаздығына үміткер команда. Олар бұған дейінгі Оңтүстік Кореямен өткізген ойында 10:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын.

Қазақстан құрамасы да әзірге ұпай жоғалтқан жоқ. Жерлестеріміз әуелгі ойында КХДР қыздарын 3:0 есебімен ұтса, келесі Оңтүстік Кореямен ойында 11:0 есебімен айқын басымдылық танытқан еді.