Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Әлем чемпионатын аяқтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстанның әйелдер командасы Әлем чемпионатын аяқтады, деп хабарлайды SPORTINFORM САА.
«В» тобының соңғы турында жерлестеріміз Латвияға есе жіберді.
Матчтағы жалғыз шайбаны 28-минутта Озмена қақпаға тоғытты. Қазақстан құрамасы құрамындағы үздік ойыншы атағын Алена Фукс еншіледі.
Чемпионатта Қазақстан әйелдер құрамасы 5 ойын өткізіп, 7 ұпай жинады.