Хоккейден КСРО құрамасының бапкері болған Виктор Тихонов қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі бапкер, үш дүркін Олимпиада чемпионы Виктор Тихонов 85 жасында Мәскеуде қаза тапты, деп хабарлады ақпараттық агенттіктер ЦСКА клубына сілтеме жасап.
None
None

Виктор Тихонов 1977 жылы хоккейден КСРО құрамасын басқарған. Оның жетекшілігімен құрама команда әлем чемпионатында сегіз мәрте жеңіске жетіп, Олимпиада ойындарында үш рет алтыннан алқа таққан.

Мәскеулік ЦСКА құрамасының бапкері ретінде ол КСРО чемпионатында 13 рет жеңімпаз атанған.

Соңғы жаңалықтар