Хоккейден құрлықаралық Кубок: «Бейбарыс» финдік «Вааса» клубынан басым түсті

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат -»  Хоккейден құрлықаралық Кубок бәсекесінде атыраулық «Бейбарыс фин клубы «Вааса» командасын 5:4  есебімен тізе бүктіріп,  екінші рет жеңіске қол жеткізді.
None
None

Vesti.kz  хабарлағандай, алғашқыда Александр Истоминнің шәкіртттері  абдырап-ақ қалды. Бірінші кезеңде 0:3 есебімен қарсыластар басым болды. Тек екінші жиырма минуттықта Илья Акользин қақпа кілтін бұзды. Бірақ артынша Томи Пеккала тағы есепті ұлғайтып үлгерді. Дегенмен «Бейбарыс» екінші кезеңнің соңына таман ширай бастады. Бұл жолы Евгений Антонов  көзге түсті.

Үшінші кезеңде  Сергею Огородников пен Андрей Захаровтың арқасында есеп теңесті. Ал Алексей Репкин ойынның аяқталуына небәрі төрт минут қалғанда атыраулықтарды алға шығарды.

Бүгін қазақстандықтар Мискольчте венгер клубы "Полар Бирс" ойыншыларымен кездеседі.   

Соңғы жаңалықтар