Хоккейден Қытай және Оңтүстік Корея әйелдер құрамаларының ойыны өтуде
АТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - 7-Қысқы Азия ойындары аясында хоккейден әйелдер командалары арасындағы жарыста Қытай құрамасы бұдан бұрынғы КХДР-мен өткізген кездесуін 8:1 есебімен аяқтаған еді.
Ал Оңтүстік Корея құрамасы алдымен Жапониядан 10:0 болып ұтылса, екінші кездесуінде Қазақстан құрамасынан 11:0 есебімен жеңілді.
Ойынның бірінші кезеңі басталды. Қытай құрамасының басымдығымен өтіп жатқан ойында әзірге есеп ашылмады.