Хоккейден Президент Кубогының алғашқы ойындарын қайдан көруге болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 тамызда хоккейден тоғызыншы ҚР Президентінің Кубогы басталады, деп хабарлайды «SPORTINFORM».

Хоккейден Президент Кубогының алғашқы ойындарын қайдан көруге болады

Турнир Қазақстан құрамасы мен Нижнекамскінің «Нефтехимигі» арасындағы ойынмен ашылады. Келесі болып мұз айдынында алаң иелері мен Хабаровскінің «Амур» командасы өзара сынға түседі.  

Турнирдің барлық матчтарын тікелей эфирде Qazsport, ҚХЛ-ТВ және ҚХЛ-ТВ HD телеарналары көрсетеді.

Бірінші ойын күнінің кестесі:

14:00 «Қазақстан құрамасы» - «Нефтехимик»

19:30 «Барыс» - «Амур»

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы мен «Барыс» командалары турнирге қатысатын құрамдарын атаған еді. Андрей Назаров командасының алдағы ҚР Президенті Кубогына қатысуына байланысты пікір білдірді.