Хоккейден "Сәтбаев қасқырлары" мен "Барыс FAN" клубтары жанкүйерлерінің арасында жолдастық кездесу өтеді
АЛМАТЫ. Тамыздың 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сәтбаев қаласында тамыздың 29-30 күндері хоккейден "Сәтбаев қасқырлары" мен "Барыс FAN" клубтары жанкүйерлерінің арасында жолдастық кездесу өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазақмыс" хоккей клубының интернет сайтына сілтеме жасап
Сәтбаев пен Астана қаласының хоккей клубтары арасындағы бұл шараны Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің спорт басқармасы мен "Қазақмыс" хоккей клубы бірігіп ұйымдастырып отыр. Ол тамыздың 30-ында атап өтілетін Қазақстан Республикасының Конституция күні мен Шахтерлер күні меркесіне арналған. Спорттық бұл кездесуді барлық қала тұрғындары мен қонақтары тегін тамашалайды.
Ал тамыздың 16-17 күндері Павлодарда Сәтбаев қаласының "Қазақмыс" командасы жергілікті "Ертіс" хоккейшілерімен маусымаралық жолдастық кездесу жасайды. Мұндай жолдастық кездесуді сәтбаевтықтар тамыздың 20-21 күндері Өскеменде жергілікті «Казцинк-Торпедомен» де өткізбекші. Одан кейін қыркүйектің 10-12 күндері жалауы көтерілетін Қазақстан кубогында өткен жылы жеңіп алған өз атағын қорғамақ.