Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Хоккейден жастар құрамасы Әлем чемпионатының элиталы раундына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы (20 жасқа дейін) 2018 жылғы Әлем чемпионатының элиталы дивизионына жолдама үшін болған матчта Франция командасын ойсырай жеңді. Бұл туралы prosports.kz сайты хабарлады.

Хоккейден жастар құрамасы Әлем чемпионатының элиталы раундына өтті

Кездесу Францияның Куршевеле қаласында өтті және қазақстандық команданың пайдасына 6:1 есебімен аяқталды. Сергей Старыгиннің шәкірттері өз топтарында 16 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастады.

Франция - Қазақстан 1:6 (0:1, 1:2, 0:3)

0:1 - Данияр Сн. (Мұратов, Ғабдуллин) - 05:49 ГБ
0:2 - Мелихов - 27:29 Б
0:3 - Назаренко (Гатиятов, Орехов) - 31:33 ГБ
1:3 - Муньос (Будон) - 34:58 ГБ
1:4 - Гусейнов (Мелихов) - 55:10 ГБ
1:5 - Бекетаев (Данияр Сн., Орехов) - 57:56 ГБ
1:6 - Назаренко - 59:44 ГБ