Хоккейші Петр Девяткин өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала ақпаратқа сәйкес бұрынғы хоккейші, Қазақстан құрамасы құрамында 1998 жылғы Олимпиада қатысушысы Петр Девяткин Новосібірде қаза тапты, ол өз-өзіне қол салған деген болжам бар, деп хабарлады ТАСС Ресей ІІМ Новосібір облысы бойынша ММ баспасөз қызметінде.

 Хоккейші Петр Девяткин өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін

«10 қыркүйекте таңертең Новосібір полициясына Немирович-Данченко көшесі бойынша 1-ші үйде ер адамның мүрдесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен "Ленинский" №7 полиция қызметкерлері аталмыш мекенжайдан  1977 жылы туған ер адамның мүрдесін тапты, ол өз-өзіне қол салған  болуы мүмкін», - деді Агенттікке сұхбат беруші.

БАҚ деректеріне сәйкес Петр Девяткин өлер алдында жазба қалдырған.

Соңғы уақытта Девяткин Сахалинде балалар бапкері болып еңбек еткен. Оның артында әйелі мен жас баласы қалды.    "Спартак" пен "Динамодан" басқа, Девяткин   "Нефтехимик", "Салауат Юлаев" және "Амур" клубтарында ойнады.