Honda қауіпсіздік көпшіктері проблемалары салдарынан 25 мыңнан астам машинаны кері қайтарып алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық Honda автоқұрылыс компаниясы АҚШ нарығынан 25 357 жеңіл автомобильдерді жанындағы қауіпсіздік көпшіктерінің ықтимал проблемалары салдарынан кері қайтарып алады. Кері қайтаруға 2015 және 2016 модельдік жылдардың Fit модельдері жатады, деп хабарлады ТАСС.

Honda қауіпсіздік көпшіктері проблемалары салдарынан 25 мыңнан астам машинаны кері қайтарып алады

Компания өкілдері бұл модельдер қатарлары проблемаларына қатысты шағымдар тіркелмегенін атап өтеді, дегенмен оның бұзылуы тестілеу кезінде анықталған. Машиналар иелеріне хабарламалар жіберу желтоқсанның басынан басталады.