08:30, 10 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Хонсю аралының жағалауында 4,9 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жапониялық Хонсю аралының шығыс жағалауында 4,9 балдық жер сілкінісі болды.

АҚШ Геологиялық қызметінен хабарлағандай, жерасты дүмпулері теңіздегі 35 шақырым тереңдікте тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Офунато қаласынан солтүстікке қарай 230 шақырымда, Камаиси қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 232 шақырым жерде орналасты, деп хабарлайды РБК.
Қаза тапқандар мен қиратулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Цунами туралы ескерту жағалаудағы аудандарда жарияланған жоқ.