13:47, 14 Наурыз 2017 | GMT +5
Хопкинс: Головкин Джейкобстен ойсырай жеңіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі салмақ санатындағы әлемнің бұрынғы чемпионы Бернард Хопкинстің пікірінше, Дэниел Джейкобс IBF/IBO/WBA/WBC тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді жеңеді.

Олардың кездесуі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді.
«Бұл айқаста Головкин ойсырай жеңіледі. Джейкобс тартысты жекпе-жекте төрешілер шешімімен ұтады деп ойлаймын. Уордтың Ковалевті жеңгені сияқты бұл аса күрделі де болмайды, ұзақ талқыланбайды да. Дэнни ерекше күшін көрсетуге әзір екеніне күмәнім жоқ.
Қағаз жүзінде Головкинге басымдық беріледі. Оның рекордында нокаутты жеңістер көп. Онымен бәсекелесе алатын қарсыластар да аз болды. Ол соңғы екі айқасында өзінің әлсіз тұстарын байқатып қойды. Алайда ол қарсыласының қауіп дәрежесі мен соққысының ауырлығын бағалай алатын ардагер», деген Хопкинстің сөзін келтірді BoxingScene.