Хорватия мен Аустрияда қалың қар жол қозғалысына кедергі келтірген

None
ЗАГРЕБ. ҚазАқпарат – Хорватияда қыс басталғанда күн жылынып, алғашқы қар жауған. Алайда Лика мен Горски-Котар өңірлеріне қар әдеттегіден көп түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Елдің басқа бөлігінде, әсіресе оңтүстікте қатты жаңбыр жауып, сирокко желі соққан.
Тұманнан Хорватияның ішкі және солтүстік аудандарында жол көрінбей қалған.
Кейбір мемлекеттік және округтік жолдарда, әсіресе Лика мен Горски-Котарда тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды.
Қалың қардан Аустрияның оңтүстігінде жол-көлік оқиғаасы жиілеп, жолда кептеліс пайда болған және электр ақауы болған.
Каринтияның оңтүстік федералды штатында шамамен 13 мың тұтынушы жарықсыз қалды.
Штириядағы А2 тас жолындағы Пак асуында бірнеше жүк көлігі тұрып қалып, кейбір жолдар құлаған ағаштардың кесірінен жабылған.
Сонымен қатар, билік қар салдарынан бұтақтардың құлау қаупіне байланысты қоғамдық саябақтарға бармауға шақырды.


Фото: Matthias Schrader/ AP


Соңғы жаңалықтар
telegram