Хорватия президенті болып әйел адам сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хорватия елінің қазіргі президенті, 57 жастағы социал-демократ Иво Йосипович жексенбі күні өткен мемлекет басшысын кезекті сайлауда жеңіліске ұшырап, өзінің орынтағын оппозиция атынан шыққан үміткер, 46 жастағы Колинда Грабар-Китаровичке ұсынуға мәжбүр болды.
None
None

Мемлекеттік сайлау комиссиясының жариялаған қорытындылары бойынша, Грабар-Китарович жексенбі күні өткен сайлаудың екінші кезеңінде 50,43 пайыз дауысқа ие болды. Йосиповичке сайлаушылардың 49,57 пайызы дауыс берген. Азаматтардың сайлауға қатысуы 58,9 пайызды құрады.

Хорватия тарихында алтыншы рет өткізілген президенттік сайлауда ерекше жағдайлар орын алды: үміткерлерге дауыс берушілер айырмасы шамамен 20 мың дауысқа дейін жетті, ал бюллетеньдерді санау кезінде көш басындағы үміткердің есімі үздіксіз өзгеріп тұрды. Осылайша, Хорватия елі 1991 жылы өз тәуелсіздігін алған кезінен бергі тарихында алғаш рет әйел адам ел президенті болып сайланды, деп хабарлайды РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар