Хорватия Шенген аймағына қосылуға дайындалып жатыр

None
ЗАГРЕБ. ҚазАқпарат – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Хорватия Шенген аймағына қосылады. Бұған дейін осы келісімге қол қойған 27 мемлекет сияқты ресми Загреб солтүстіктегі көршілері – Словения және Венгриямен шекаралық бақылауды жояды. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз, полиция қызметкерлері, шекарадан өту аймағынан шығамыз. Шекарадағы бақылауды қайта енгізу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды, сондықтан бақылау-өткізу пункттері мен басқа да инфрақұрылым қалады. Алайда жүктер мен жолаушылардың еркін айналымын қамтамасыз ету үшін пандустар мен басқа да тексеру құралдары жойылады», - деді Брегана шекара бекеті басшысының орынбасары Мариян Бурич,

Хорватияның Шенгенге қосылуы Еуроаймаққа кіруімен бір күнде өтуі тиіс. Бұған 10 қарашада Еуропарламенттің пленарлық отырысында рұқсат берілген. Бұл 9 желтоқсанда Еуроодақ ішкі істер министрлерінің кездесуі қбалдануы тиіс соңғы шешім.

Словения Хорватияның Шенген аймағына мүшелігін қолдайды. Алайда, 2017 жылғы шекаралық арбитраж келісімінің тағдыры әлі белгісіз. Бұл келісім екі мемлекет 20 жылдан астам уақыт шешімін таба алмаған құрлық пен теңіз шекарасының бағытын анықтады.

Фото: Darko Bandic/ AP


Соңғы жаңалықтар
telegram