Хорватияда ресейлік және қытайлық вакциналар сапасына сенім бар – сарапшы

ЗАГРЕБ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей және Қытайда әзірленген коронавирус вакциналарының сапасы Хорватияда күмән тудырмайды. HRT телернасы эфирінде Азаматтық қорғаныс штабының басшылық мүшесі, профессор, Загреб орталық инфекция ауруханасының бас дәрігері Алемка Маркотич осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Хорватияда ресейлік және қытайлық вакциналар сапасына сенім бар – сарапшы

«Менің [РФ мен Қытай вакциналарының сапасына] күмәнім жоқ, алайда жалпылай баға бере алмаймын», - деді Маркотич ресейлік және қытайлық екпе препаратының тиімділігі туралы сұраққа жауап бере отырып.

Сарапшы Ресей мен Қытай жоғары технологиялық білім және даму деңгейіне ие болғандықтан сол елдерде әзірленген вакциналардың сапасына күмән болмайтынын атап өтті.