Хорватияда жарты тоннадан астам кокаин тәркіленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Хорватия елінің құқық қорғау органдары ұлттық кедендік қызметпен қосылып, Дубровник қаласынан 90 шақырым жердегі Плоче теңіз портында Оңтүстік Америкадан салмағы 575 келіге жуық заңсыз кокаин партиясын тәркілеу бойынша операцияны сәтті өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат HRT телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның атап өтуінше, есірткіні тәркілеу операциясы 30 наурызда өткізілген, алайда Дубровник полициясы ол жайлы ақпаратты тек 14 сәуір күні жариялады.

Дубровачко-Неретван жупаниясы (елдің әкімшілік-аумақтық бірлігі) криминалдық полиция қызметінің бастығы Зоран Тиквицаның айтуынша, 30 наурыздағы арнайы іс-шараның барысында жалпы құны 57 млн еуроны құрайтын 574,869 келі есірткілік заттар тәркіленген.

Хорватия құқық қорғаушыларының бұл операциясы – соңғы кезде өткізілген үшінші іс-шара.


Соңғы жаңалықтар
telegram